Қоқыс шығару жұмысы қалай бақыланады? – Өскемен
Өскеменде контейнерлердегі қоқыс уақытлы шығарылып тұрады. Мұны арнайы мобильді топ бақылап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жалпы қала аумағында 514 контейнерлік алаң бар. Қаңтар-ақпан айларында қаланың тауарлар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы ТҮКШ бөлімімен және қоқыс шығарушы ұйымдармен бірлесе отырып 64 рейд жүргізген. Арнайы жасақталған мобильді топ 1638 контейнерді тексеріп, 322 контейнердің қоқысы уақытында шығарылмайтынын анықтады. Фактіні айғақтайтын фотосуреттер қоқыс шығарушы ұйымдарға «ватсап» мессенджері арқылы жолданды. Олар дереу шара қолданып, алды 4-5 сағат, соңы бір тәулік ішінде контейнерлерді тазалапты.
«Қаңтар-ақпан айларына сараптама жасадық. Арнайы топтың жұмысының нәтижесінде қоқыс шығармау фактілері төмендегені байқалады», – деп мәлімдеді басқарма.