ШҚО-да 600-ден астам адамды кене шақты

Көктем мезгілі басталғаннан бері облыста 645 адамды кене шақты. Оның ішінде 260 адам – Өскемен тұрғындары, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің ақпараты бойынша, әзірге кене энцефалиті ауруы зертханалық түрде анықталмаған.
Мамандар аймақ тұрғындарын кене шағу қауіпінің әлі де жоғары екенін ескертіп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Оқи отырыңыз