Мұнайдың бағасы түсіп барады
Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лондондағы ICE Futures биржасында шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,37 долларға төмендеп, 69,87 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) маусым айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,85 долларға төмендеп, бір баррелі 61,4 доллар болды.
Оқи отырыңыз