KZ
Өскемен
-6°
пасмурно Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семейге барып, соғыс ардагерлерін құттықтады

7.05.2019, 10:55 237

Шығыс Қазақстан әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына сапары барысында соғыс ардагерлері – Дмитрий Лазаренко мен Құмар Елубаевтың үйіне барып, Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Даниал Ахметовке марапттары мен фотосуреттерін көрсеткен Құмар ақсақал аз-кем әңгіме дүкен құрды. 

Ардагер Құмар Өмірбекұлы әскер қатарына 1941 жылы шақырылған екен. ІІ Украина майданы құрамында Кировоград, Крюков, Кременщук және Харьков қалаларын жаудан азат еткен. Харьковты азат ету кезінде ауыр жарақат алған жауынгер еліне қайтып оралыпты. Келгеннен кейін Бородулиха ауданы Коростылево ауылында колхоз меңгерушісі, бригадир сияқты жұмыстар атқарған көрінеді.

 

Ал Ташкентте радиотелегарфшылар курсын оқыған Дмиртий Лазаревич 1943 жылы қазан айында армия қатарына шақырылған екен. Шығыс Пруссиядан Кенигсбергке дейін майдан кешкен.

 

Облыс басшысы ардагерлерге сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив