KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Бүгін "Алтайдың" қыздары КХДР-дың "25-ші сәуір" командасымен ойнайды

3.05.2019, 04:44 126

Клубтар арасындағы Азия чемпионатында бүгін плей-офф кезеңі басталады. Доп додасының ширек финалында «Алтай» волейболшылары Корей Халық Демократиялық Республикасының «25-ші сәуір» командасымен кездеседі.

Айта кетейік, Солтүстік Корея елінің өкілі құрлықтық біріншілікке алғаш рет қатысуда. Соған қарамастан, Ким Чен Ын отандастары ауыз толтырып айтарлықтай өнер көрсетуде деуге толық негіз бар. «В» тобында Тайланд, Жапония, Вьетнам, Шри-Ланка мен Түркіменстан командаларына қарсылас атанған корей елінің қыздары екінші орын алған жапондық «Хисамицу Сеяку Спрингс» волейболшыларынан бір-ақ ұпайға қалып қойған. Осы ретте, жарыс барысында солтүстіккореялық арулар соңғы екі Азия чемпионатының (екеуі де Өскеменде өткен) жеңімпазы – тайландтық «Супримді» 3:2 есебімен жеңгенін айтқан абзал. Команданың негізі ұлттық құрама ойыншыларынан құралғанын ескерсек, бүгін «Алтай» волейболшылары үшін аса ауыр кездесу болайын деп тұрғанын түсінеміз.
Айта кетейік, «Алтай» мен «25-ші сәуір» арасындағы матч сағат 12:00-де басталады.

Басқа ширекфиналдық ойындарда «Тяньцзинь Бохай Банк» (Қытай) пен «Бин Дьен Лонг Ан» (Вьетнам), «Суприм» (Тайланд) мен «Гонконг» (Гонконг), «Хисамицу Сеяку Спрингс» (Жапония) пен «TPE» (Қытайлық Тайбэй) командалары кездеседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив