KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

"Алтайға" 3-орын бұйыра ма?

5.05.2019, 04:19 147

Волейболдан Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан клубтар арасындағы Азия чемпионатында бүгін соңғы күн.

Кешкі сағат 17:00-де жарыстың финалы басталады. Құрлықтық доданың шешуші кездесуінде алаң иелері "Тяньцзинь Бохай Банк" пен Тай елінің чемпионы "Суприм" кездеседі.

Ал финалдан шамамен екі жарым сағат бұрын чемпионаттың қола жүлдесі үшін ойын басталады. Онда кешегі жартылайфиналдық кездесулерде сүрінген жапондық "Хисамицу Сеяку Спрингс" пен Өскеменнің "Алтайы" жолығады.

Осы ретте бұл қос ұжым арасындағы алғашқы ойын емес екенін айтқан жөн. Еске салайық, 2017 жылы Өскеменде өткен Азия чемпионатының жартылай финалында жапондық волейболшылар "Алтай" аруларынан айласын асырған болатын. Есеп 3:2.

Өскемендік команда болса, бүгін қайткенмен де жеңіске жетіп, тарих өзгеріс енгізуі тиіс. Əйтпесе, жерлестеріміз төртінші жыл қатарынан құрлықтық дода жүлдесінен құр қалайын деп тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив