KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

"Алтайдың" қолаға созған қолы жетпей қалды

5.05.2019, 13:34 168

«Алтай» волейболшылары тағы жүлдесіз қалды. Қытайдың Тяньцзинь қаласында аяқталған клубтық Азия чемпионатында ел намысын қорғаған өскемендік клуб төртінші жыл қатарынан төртінші орыннан көрінді.

Үшінші орын үшін кездесуде жерлестеріміз жапондық «Хисамицу Сеяку Спрингс» волейболшыларына 1:3 есебімен жол берді.

Матчты тәп-тәуір бастаған алтайлық арулар алғашқы партияда 30:28 есебімен жеңіске жеткен. Алайда, бұдан кейінге партиялардың барлығы Күншығыс елінен келген команданың пайдасына аяқталды, 21:25, 19:25, 13:25.

Осылайша, «Алтай» волейболшылары кезекті рет құрлықтық доданың жүлдесінен қағылды. Еске салайық, бұған дейін жерлестеріміз 2016 жылы Филиппиннің Бинян қаласында, сондай-ақ 2017, 2018 жылдары Өскеменде өткен Азия біріншіліктерінде жарысты жүлдеге қолсозым жерде аяқтауға мәжбүр болған.

Ал құрлық мықтысы атағына «Тяньцзинь Бохай Банк» командасы ие болды.

Доданың финалында қытайлық волейболшылар 3:1 есебімен соңғы екі Азия чемпионатының жеңімпазы – тайландтық «Супримнен» басым түсті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив