KZ
Өскемен
-14°
плотный туман Штиль
515.25 535.91 5.18

Қазақстанның қай өңірінде кәмпит қымбат?

2.05.2019, 04:37 155

Energyprom сарапшылары еліміздегі кәмпит-печеньенің бағасын бағамдап көрді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Мамандар сөзіне сүйенсек, сәуір айында ел тұрғындары кәмпитке орташа есеппен 1 046,3 теңге жұмсаған. Бұл былтырғыдан 6,5%-ға көп. 

 

Кәмпит бағасы жоғары өңірлердің үштігіне Ақтау (1 303 теңге), Атырау (1 135 теңге) және Көкшетау (1 130 теңге) кірді. Өскемен бұл ретте ондыққа да ене алмайды. Сараптама жүргізілген 18 қаланың ішінде 12-ші орынға табан тіреді. Шығыстың бас шаһарында тәтті кәмпит 1027 теңге тұрады. Тиісінше, ең төменгі баға Семей қаласында болып шықты. Небары 883 теңге.

 

Толық мағлұматпен Energyprom мамандары жасаған рейтинг-кесте арқылы таныс болыңыздар.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу