KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Facebook қолданушылардың поштасына емін-еркін кіріп келген. 5 млн доллар айыппұл төлеуі мүмкін

26.04.2019, 03:34 159

АҚШ-тың федерал сауда комиссиясы Facebook әлеуметтік желісіне бес миллиард доллар айыппұл салуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Facebook дәлірек айтсақ,  Cambridge Analytica IT-компаниясы миллиондаған қолданушылардың жеке мәліметтерін жинап, жайып жіберген. Олар тек қана электронды поштаны ғана емес, оның паролін де алып отырған. 2016 жылдан бері қолданушылардың рұқсатынсыз осындай әрекетке барған компания. Осыған дейін әлеуметтік желі 1,5 миллион қолданушының электронды поштасына рұқсатсыз кіріп, жеке мәліметтерді жүктеген.

 

 Сондай-ақ жылдық есеп бойынша 2019 жылы бірінші тоқсанда компанияның табысы өткен жылмен салыстырғанда 51 пайызға (2,43 миллиард доллар) артқанын да есепке алып отыр ФСК.

 

АҚШ-тың федерал сауда компаниясы әуел баста Facebook-ке үш миллиард доллар айып салмақ болған екен. Алайда бұл сома бес миллиардқа жетуі мүмкін екенін атап өтті компания өкілдері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу