Қазақстанда тұрғын үй сатып алу-сату бойынша мәміле саны күрт азайды
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша мәміле саны күрт азайды, - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 52 520 мәміле тіркелді, наурызбен (67 801) салыстырғанда көрсеткіш 22,5 пайызға азайды", - делінген хабаламада.
Сатып алу бойынша ең көп мәміле Қарағанды облысында - 8 898, одан кейін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында, 6 583 және 5 900 шарт. Наурызда да дәл осы үш аймақ тұрғын үй нарығы саудасында көш бастаған болатын. Мәміле саны ең аз болған өңір - Солтүстік Қазақстан облысы - 958.
Бюро мәліметінше, қазақстандықтардың көбін көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй қызықтырады, барлығы - 38 149 мәміле.
"Көппәтерлі үйлердегі 2-бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Сәуірде 15 мыңнан астам 2-бөлмелі пәтер рәсімделді, ал 1-бөлмелісі одан сәл аз - 13 мың. Жекеменшік үйлер бойынша 14 371 мәміле рәсімделді. Жер үйлерді Алматы, Кызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарды құп көрген", - делінген хабарламада.
Бұл ретте 2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 12 пайызға азайған.