KZ
Өскемен
+17°
гроза жел 7 м/с, В
518.07 595.21 6.37

«Сарыарқа» ЖХЛ-дың чемпионы атанды

25.04.2019, 09:57 235

Жоғары хоккей лигасы плей-офф кезеңінің финалы аясында түмендік «Рубинді» төртінші рет жеңген Қарағандының «Сарыарқасы» өз тарихында екінші мәрте Петров кубогының иегері атанды.

Қазақстандық клуб серияда 4:1 есебімен жеңіске жеткенін айта кету керек. Шешуші кездесу Түменде өткеніне қарамастан, қарағандылық команданың басымдығымен өтті. Бірінші кезеңде командалар бір-бір рет қарсылас қақпасын дәл көздеді. Дегенмен қалған уақытта тек «Сарыарқа» хоккейшілері көзге түсті.

Осылайша, қарағандылық ұжым 2012-2013 жылдарғы жетістігін қайталады. Естеріңізде болса, сол жылы отандастарымыз ол кезде Братина кубогы деп аталған ЖХЛ-дың бас жүлдесіне қол жеткізген болатын.

Айта кетейік, бұл жарысқа «Сарыарқамен» қатар, тағы бір қазақстандық команда – өскемендік «Торпедо» да қатысады. Алайда, биылғы додада жерлестеріміз тұрақты чемпионатты 18-ші орында аяқтап, плей-офф кезеңіне шыға алмай қалған-ды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу