Президенттік үшін бақ сынайтын тағы бір үміткер анықталды
Қазақстанның кәсіподақ федерациясы сайлауға түсетін өз үміткерін атады. ҚР президенттігіне үміткер ретінде Батыс Қазақстан облысының аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Амангелді Таспихов ұсынылып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Sputnik Казахстан сайтына сілтеме жасап.
Бұл шешім Кәсіподақ федерациясы бас кеңесінің отырысында қабылданды.
Кәсіподақтың атынан сайлауға түсуге ниет білдірген тағы бір үміткер Федерация төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев болатын. Бірақ ол өз еркімен бас тартып отыр. Себебі, оның мемлекеттік тілді білу деңгейі үміткер болуға мүмкіндік бермейді екен.
Оқи отырыңыз