"Ақ жол" партиясы бүгін президенттікке өз үміткерін ұсынады
Бүгін "Ақ жол" демократиялық партиясының XV съезінде сайлауға түсетін үміткерді ұсыну жөнінде шешім қабылданады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Партияның жарғысы бойынша, мұндай маңызды шешім тек съезде ғана қабылдануға тиіс екен.
Айта кетсек, 13 сәуір күні "Ақ жол" партиясы орталық кеңесінің пленумында кезектен тыс өткізілетін сайлау талқыланып, оған қатысу жөнінде шешім қабылданды. 10 күн ішінде барлық облыстық филиалдарда партиялық конференциялар ұйымдастырылып, съезге баратын делегаттар таңдалған болатын.
Бүгін партияның атынан сайлауға түсетін үміткердің есімі белгілі болмақ.
Кеше «Nur Otan» партиясынан ҚР президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынылған еді.