«Ақ Жол» партиясы президентікке үміткер ретінде әйел адамды ұсынды
«Ақ Жол» демократиялық партиясының атынан сайлауға түсетін үміткер белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Партия өкілдері жиналған отырыста алты адам үміткер ретінде ұсынылып, арасында көп дауыспен Дания Еспаева таңдалып отыр.
Дания Еспаева 1961 жылы дүниеге келген. Қаржы саласының маманы. Бұған дейін мәжіліс депутаты болған. Сондай-ақ, бюджет пен қаржы комитетінде қызмет еткен. Одан кейін Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты лауазымын атқарған.
Айта кетсек, Дания Еспаева - Қазақстанның президенттігіне үміткер ретінде ұсынылған алғашқы әйел адам.
Оқи отырыңыз