Коммунистер атынан сайлауға түсетін үміткер белгілі болды
Коммунистік халықтық партия Президент сайлауына өз үміткерін ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Коммунистер атынан сайлауға осымен екінші рет мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков түскелі отыр. Мұндай шешім партияның кезектен тыс өткізілген съезінде қабылданды.
Ұсынылған үміткер партияластарының өзіне артқан сенімін ақтау үшін бар күшін салатынын айтты.
Айта кетсек, Жамбыл Ахметбеков 2011 жылы президент сайлауына түсіп, 1,36% дауыс жинаған болатын. Ол 1961 жылы Целиноград облысы, Қорғалжын ауданының Жантеке ауылында дүниеге келген. Целиноград ауылшаруашылық институтын тәмамдаған.
Оқи отырыңыз
"Ақ жол" партиясы президент сайлауына үміткер таңдай алмады«Ақ Жол» партиясы президентікке үміткер ретінде әйел адамды ұсындыПрезиденттікке үміткерлердің бірі сайлауға түсуден бас тартты"Ақ жол" партиясы бүгін президенттікке өз үміткерін ұсынадыӘміржан Қосанов президенттікке үміткер ретінде ұсынылды