KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

«Altay Athletics» спортшылары ерлеп тұр

23.04.2019, 10:18 134

«Altay Athletics» жеңіл атлетика клубының бірнеше спортшысы жақында өткен байрақты бәсекелерде жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Ол жүлделердің ең сүбелісі Михаил Литвиннің еншісінде. Михаил жеңіл атлетикадан Катар астанасы Доха қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жүлдесіне ілікті. Қазақстан құрамасының белді мүшесі 400 метрге жүгіруден өткен финалдық сында 45,25 (Қазақстан рекорды) секундқа тең нәтиже көрсетіп, құрлықтық доданың қола жүлдесіне ие болды.

Дәл осы күндері «Altay Athletics» клубының тағы үш мүшесі көзге түсті. Атап айтсақ, Жанна Мамажанова мен Дана Гусарова Орталық Азиядағы ең ауқымды жеңілатлетикалық жарысқа баланатын «Алматы марафон» сайысында бірі екінші, енді бірі үшінші нәтиже көрсетті. Жанна 21 шақырымға тең қашықтықты 1 сағат 21 минут 12 секундта жүгіріп өтсе, Дана дәл осы жолды 1 сағат 26 минут 1 секундта еңсерді. Ал осыдан біраз бұрын Қазақстан азаматтығын алған Шэдрак Коеч Кенияның Накуру аймағында өткен «Naivasha Easter Half Marathon» халықаралық жарысында 10 шақырымдық сайыстың жеңімпазы атанды. Оның көрсеткіші 28 минут 40 секундқа тең болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив