KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

«Altay Athletics» спортшысы Люксембургте алтын медальға қол жеткізді

20.08.2019, 11:35 107

«Altay Athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубының өкілі тағы бір байрақты бәсекеде жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Осыдан бірер күн бұрынғыдай бұл жолы да көзге түскен 23 жастағы спринтер Михаил Литвин болды. Бұл Михаилдың бір апта ішінде иеленген екінші жүлдесі екенін айтқан абзал. Алайда Польшадағы Веслав Маняк мемориалында отандасымыздың қанжығасы күміс жүлдемен майланса, осы жолы жас спортшыға алтын бұйырды.

Дәлірек айтсақ, Литвин Люксембургте өткен «Permit Meetings» халықаралық жарысына қатысып, 400 метрлік сайыста алдына қара салмады. Спортшымыз аталмыш қашықтықты 46,24 секундта жүгіріп өтті.

Еске салайық, Польша жерінде ұйымдастырылған жарыста Михаил дәл осы 400 метрді 46,21 секундта еңсерген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив