KZ
Өскемен
-3°
туман жел 1 м/с, С
485.04 525.98 5.04

«ALTAY» командасы ертең Азия чемпионатына жол тартады

23.04.2019, 04:38 158

«ALTAY» волейбол клубының әйелдер командасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтетін волейболдан Азия Кубогіне қатысады. Қазір команда дайындық үстінде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы «ALTAY» волейбол клубының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 2017-2018 жылдары волейболдан Азия чемпионаты Өскеменде өткен болатын. Екі жыл қатарынан «ALTAY» командасы 4-орынды иеленген еді.

Қытай елінде өтетін жарысқа барлығы 11 елдің командасы қатысады.

Біздің команда «Аспан асты еліне» 24 сәуір күні жол тартпақ. Жарыс 27 сәуір күні басталып, 5 мамырға дейін жалғасады.

 

Қосымша анықтама:

Жарыс өтетін Уцин спорттық орталығы жаңа Тяньцзинь Уцин қаласында орналасқан, ол Қытайдың астанасы Бейжіннен шамамен 90 шақырымдай жер. 2017 жылы 13-ші Қытай ұлттық ойындары кезінде Уцин спорт орталығында үстел теннисі өткен болатын. Жақын уақытта құны 30-200 юань аралығында болатын Yongle Ticketing-те билет сату жүйесі іске қосылады. Біздің валютамен есептегенде бұл шамамен 1 700-11 500 теңгені құрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив