KZ
Өскемен
-4°
плотный туман жел 1 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

Алкагольді сусындарды телеарна, газет-журнал беттерінде жарнамалауды ұсынды

19.04.2019, 10:44 103

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары бұдан былай сыра, шарап сынды алкаголі аз ішімдіктерді жарнамалауға рұқсат беру керектігін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

– Бұқаралық ақпарат құралдарының көбі жарнаманың арқасында күн көреді. Негізгі мақсатымыз – осы БАҚ-ты қолдау, – дейді вице-министр Нұргүл Мауберлинова.

Оның айтуынша, алкагольді ішімдіктерді БАҚ-та жарнамалауға 2004 жылы тыйым салынған екен.

– Бұл тыйым отандық кәсіпкерлерге қаншалықты қолайсыздық тудырса, БАҚ-қа да сондай жағдай туындатып тұр, – дейді министр орынбасары.

Сонымен, телеарналарда жергілікті уақытпен 22:00-6:00 аралығында (мейрам күндері емес) алкаголі аз ішімдіктерді жарнамалауға рұқсат етіледі. Ал газет, журналдарға басқы және соңғы беттен өзгесіне жарнамаға рұқсат берілуі мүмкін. Әлбетте, мұның балаларға арналаған арна мен басылымдарға еш қатысы жоқ. Ол жақтағы тыйым қаз-қалпында қалмақ.

– Алкагольді ішімдіктер жарнамаға арналған орынның 10%-ын ғана алуы тиіс. Бір ескертерлігі, тауардың өзін емес, оның маркасы мен атын ғана жарнамалау керек, – деді Нұргүл Мауберлинова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив