Бердібек Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысына келді
Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды Алтайньюс.
Жұмыс сапары барысында Семей қаласындағы №2 Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен және өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиал директоры Асхат Жарылқасыновтың айтуынша, аймақта 25 фронт-офис, оның ішінде Семей қалалық мамандандырылған ХҚО жұмыс істеп тұр. Жыл басынан бері филиал 510 мың жуық мемлекеттік қызмет көрсетті.
Сапар барысында Гүлшара Әбдіқалықова мен Бердібек Сапарбаевты ХҚО-да енгізілген жаңалықтармен таныстырып, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтты.Сондай – ақ, азаматтардың электрондық үкімет порталында бір реттік смс-пароль және электронды-цифрлық қолтаңба арқылы қажетті электрондық қызметтерді өз бетінше алу артықшылықтарын түсіндіріп берді.
Айта кету керек, жұмыс сапары барысында Гүлшара Әбдіқалықова көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек төлеу бойынша жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөледі.