KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

"Бұйрыққа қол қойылды" Бердібек Сапарбаев атаулы көмектің кімдерге берілетінін айтты

19.04.2019, 11:07 237

ШҚО-да 46 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Үкімет мүшелерінің облыс активімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкіметтік жұмыс тобы ШҚО активімен кездесіп, әлеуметтік бағдарламалардың мән-маңызы мен негізгі бағыттарын түсіндірді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бірінші маусымнан бастап білім, мәдениет, медицина, спорт, әлеуметтік сала қызметкерлерінің, облыстық және аудандық әкімдік қызметкерлерінің еңбекақысы15-30 пайыз көлемінде өсетінін мәлім етті. Министрдің айтуынша бұл өзгерісті қуаттайтын нормативтік актілер мен бұйрықтардың барлығына қол қойылған.

Ал көпбалалы отбасыларға берілетін төлемге Қазақстан бойынша 830 мыңға жуық адам қол жеткізбек. Оның ішінде 46 мың шығысқазақстандық бар.

«Бірінші сәуірге дейін бір адамға берілетін атаулы көмек 4834 теңге болса, енді бұл сома 20789 теңге болмақ. Табысты есептеу кезінде әлеуметтік төлемақылар мен шәкіртақы есептелмейді. Енді халықтан зейнетақы мен қолдағы азын-аулақ малдан түсетін табысты есептеуге өзгеріс енгізсеңіздер деген ұсыныс түсіп жатыр. Бағдарлама 10 жылға арналған. Ол жағын да ойластырып жатырмыз. Ұсыныстың бәрі кезең-кезеңмен, заңға сәйкес қаралады» - деді Бердібек Сапарбаев.

Министрдің айтуынша, мүгедектік бойынша төленетін жәрдемақы көлемі 10 мың теңгеге өспек. Мұндай көмекке еліміз бойынша 100 мыңнан астам адам мұқтаж. Шығыс Қазақстан бойынша 6000-нан астам адамға аталмыш жәрдемақы тағайындалмақ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу