KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Жүкті әйелдер 425 мыңды қашан алады?

11.04.2019, 07:45 87

Жүкті әйелдерге берілетін 425 мың теңге мөлшеріндегі бір реттік төлем туралы жаңалық көптің көңілін елең еткізген еді. Алайда бұл ұсыныс әлі қабылданбаған екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазір аталған ұсыныс қарастырылып жатыр.

Жалпы, бұл ұсыныс  ана мен баланың денсаулығын жақсартуға бағытталған. Себебі, жүктілік кезінде әйелдер уақытында тіркеуге тұрмайды. Ал мұндай немқұрайлық түрлі аурулардың алдын алуға үлкен кедергі болып тұр.

425 мың теңгені тіркеуге тұрған әйелдің қолына бірден ұстата салмайтынын тағы айта кету керек. Ақша жүктіліктің соңында бірақ беріледі екен. Сонымен қатар, бұл қаражатты беруде әлеуметтік статус ескерілмейді.  Ұсыныстың шартына сәйкес, әйелдер жүктіліктің үш айына дейінгі уақытта жергілікті емханаға тіркеуге тұрып, қажет сараптамалар мен тексерулерден өтуге тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив