ШҚО-да 19 жастағы бозбала жоғалып кетті

Шемонаиха ауданына қарасты Убинка ауылының тұрғыны Дмитрий Кимбаев 6 сәуір күні таңғы уақытта досымен бірге үйінен шығып кеткен. Содан бері төрт күн өтті. Бозбала хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Онымен бірге кеткен досының айтуынша, олар алдымен Шемонаиха ауылына барған, одан кейін Бородулиха ауданына бет алады. Кешкі сағат 22:00-ге таяу Песчанка ауылының маңында екі достың арасында жанжал туған. Дмитрий үйге өзі жетіп алатынын айтып, автожолдың бойына қарай кетіп қалады.
Дмитрий Кимбаев туралы қандай да ақпараттарыңыз болса, 8 747 349 57 17 немесе 102 нөміріне хабар берулеріңізді сұраймыз.
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВнокласснРСвЂВВВВРєРСвЂВВВВ
- Telegram
- Viber