ШҚО-да жоғалып кеткен бозбаланың денесі табылды
Осыдан бір ай бұрын Бородулиха ауданында 19 жастағы бозбаланың жоғалып кеткені туралы жазған едік. Бүгін Дмитрий Кимбаевтың өлі денесі табылғаны туралы ақпарат таралды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Дмитрий Кимбаев – Шемонаиха ауданы Убинка ауылының тұрғыны. 6 сәуір күні ол Сергей есімді досымен бірге Бородулиха ауданының Песчанка ауылына жолға шығады. Кешке қарай екі достың арасынжа жанжал туып, Дмитрий жалғыз өзі тас жолды бойлап кетіп қалған екен. Содан бері бір айдан астам уақыт өтті. Жас жігітті бір ай бойы еріктілер мен полиция қызметкерлері іздестірген болатын.
Бозбаланың өлі денесі Песчанка ауылының шет жағынан табылыпты. Мәйіт сараптамаға жіберілді. Дмитрий Кимбаевтың қандай жағдайда қаза болғаны алдағы уақытта анықталады.