KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Қоян-қолтық ұрыста Тоқжанға шақ келер қарсылас болмады

2.04.2019, 11:57 247

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті қолдауымен 2019 жылдың 1-3 наурыз аралығында ҚР ҚАЖ қызметкерлері арасында «Қоян-қолтық ұрысы» бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің ХІ чемпионаты өтті. Чемпионатта жалпы есептік көрсеткіш бойынша Шығыс-Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің командасы І-ші орын алып топ жарды. Аталмыш чемпионатқа республиканың барлық облысынан көптеген қызметкер спортшылар қатысты.

 

         Сондай ақ, жарысқа Өскемен қаласы ОВ-156/1 мекемесінің қызметкерлері атсалысып, жарысқа қатысып жүлделі орын иеленіп қайтты. Соның ішінде, атап айтқанда ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 мекемесінің жас қызметкері арнайы есеп бөлімінің есеп бойынша технигі әділет кіші сержанты Асқарбекова Тоғжан Асқарбекқызы мекеменің намысын ту етіп, 45 кг дейінгі салмақта әйелдер арасында жарысқа түсіп абыроймен І-ші орын иеленді. Сонымен қатар, Тоғжан 26-28 наурыз аралығында ШҚО Өскемен қаласы Жекпе-Жек сарайында ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің төрағасының жүлдесі үшін ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан ҚР кубогіне орай өткен жарыстан тағы да жүлделі ІІ-ші орынды иеленді. Өз қызметінде де алғыр, ұғымтал Тоғжан бұл жолы да өзінің нәзік дене бітіміне қарамастан ұрыс алаңына ержүректілікпен шығып, намысты қолдан бермей жеңіс туын желбіретті.

 

Осындай жас, қызметкерлерімізді біз мақтан тұтамыз. Болашақта көптеген жарыстардан орын алып, мекеменің намысын қорғайтынына біз кәміл сенеміз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив