KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
516.13 538.01 5.29

"Жуыну бөлмесіне тығылған". Семейдегі балалар өлімі, оқиғаның анық-қанығы

2.04.2019, 10:49 149

Бүгін Семей қаласында облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, қала әкімі Ермак Сәлімов және облыстық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айдар Садырбаев  БАҚ өкілдерімен кездесіп брифинг өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Кеше, яғни сәуірдің 1-і күні  Суық бастау ауылы, Цветочная көшесіндегі 3-ші үйдің №1 пәтерде өрттен екі бала қаза тапқанын жазған болатынбыз.  Брифингке Семей қалалық ТЖБ бастығы Қ. Әбділов өртті сөндіру барысында, пәтердің жуыну  бөлмесінен және дәретхана бөлмесінен 09.05.2012 жылы  туған Эдуард Темерканов пен 04.02.2015 жылы туған Александр Темеркановтардың мәйіті табылғанын айтты.

 

Қайғылы оқиғаның анық-қанығы былай:

 

Сәуірдің 1-і күні  14.19-да азамат Дайырбаевтан хабар өрт туралы хабар келіп түскен. Дайырбаев көршілері.  Семей қалалық өртке қарсы күрес және ТЖБ құтқару отрядтары болған жерге дереу жеткен. Барлық қажетті жұмыстарды жүргізген.

-Бұл Цветочная көшесінде орналасқан екі қабатты көппәтерлі үй. Диван жартылай күйген, салдарынана балаларға иіс тиген. Лапылдаған от шығу фактісі тіркелмеген. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, деді Ермак Сәлімов.

 

 

Өрттен көз жұмған екі ұлдың үлкені бұған дейін әкесімен бірге Астанаға барып-келіп жүріпті. Комиссия кіші ұлды «Ана мен бала үйіне» жіберу керек деген шешім шығарып, ол бір ай бойы сонда болған.

 

Ермак Бидахметұлының айтуынша, комиссияның мұндай шешімге келген себебі, үйінде тазалық болмаған. Сондықтан да баланы мемлекет қамқорлығына алу туралы шешім шығарған. Бірақ, анасы полицияға өтініш-арыз жазып, баланы үйіне қайтарып алады. Балалардың анасы ішімдікке жиі бой алдыруына байланысты учаскелік полицейден бірнеше рет ескерту алыпты.

 

Семей ақпараттық орталығының мәліметі бойынша балалардың анасы - Темерканова (Лаврухина) Анастасия Анатольевна, 23.04.1990 жылы туған. Жұмыс істемейді, жүктілік бойынша есепте тұр. Өзінің айтуынша,  өрт болған күні ол балаларды үйде қалдырып, дәрігердің қабылдауына барған. Әкесі-Темерканов Виктор Шакенович, 04.05.1973 жылы дүниеге келген, Нұр-Сұлтан қаласында құрылысшы болып жұмыс істейді. Өрт уақытында Семей қаласында болмаған.

 

-Енді балалардың денсаулық мәселесіне келсек, «Жоламан» отбасылық дәрігерлік амбулаториясы үнемі медициналық кеңестер беріп отырған,-деді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсүпова,-дәрігерлер екі баланың дені сау екендігін айтып отыр. «Саламатты ана мен бала» бағдарламасы бойынша отбасына үнемі тегін медициналық көмектер берілген. Анасының аяғы ауыр, екіқабат әйел ретінде медициналық тіркеуде тұр. Желтоқсан айында баланы «Ана мен бала үйіне» алған кезде, анасы қайтадан сұрап алған.

 

 

-Оқиға орын алған кезде мен дереу бардым,-деді қала әкімі Ермак Сәлімов,-үйдің жағдайын көрдім. Көршілермен сөйлестім. Анасы балаларын тастап, шығып кеткен. Балалар ойнап отырып, осындай қайғылы жағдайға тап болыпты. Біз облыс әкімінің тапсырмасымен көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларды толық тексеріп шықтық. Бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Жұмыс тобы жүріп жатыр. 2350 көпбалалы отбасы назарға алынады. 292 отбасы аз қамтылған. Республикалық бюджеттен ақша бөлінген соң, оларға тиісінше көмек береміз. Суық бастау ауылының тұрғындарының жағдайын қараймыз. Бұл отбасы жағдайы төмен ретінде, әлеуметтік көмек сұрап ешқайда тіркелмеген. Жұмыыссыз ретінде де тіркелмеген. Әкесімен де, шешесімен де сөйлестім. Әкесі «Нұр-Сұлтан» қаласынан келді. Шешесін дағдарыстан шығару Орталығына апардық. Онымен қазір психологтар жұмыс істеп жатыр. Олардың балаларын жерлеуге біз әкімдік тарапынан ақша бөлеміз.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу