KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

1 маусымнан бастап кімдердің еңбекақысы көтеріледі?

27.03.2019, 09:52 189

 

1 маусымнан бастап Қазақстанда еңбекақы көтеріледі. Жағымды жаңалықтың кімдерге қатысы бар? Бұл туралы ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

-Жуықта еліміздің жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еңбекақыны көтеру мерзімін 1 шілдеден 1 маусымға ауыстыру, яғни бір айға алға шегеру жөнінде тапсырма берген болатын, - деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смаилов.

 

Министрдің айтуынша, аталған мақсатқа қосымша 37,8 млрд теңге жұмсалмақ.

 

Осы жолы 1,5 млн адамның еңбекақысы өсетін болды. Олардың қатарына қандай қызметкерлер кіреді? Білім беру саласында – балабақшадағы тәрбиешілер, тәрбиешілердің көмекшілері, колледж оқытушылары, мұғалімдер, әдіскерлер, психологтар мен басқа да жұмысшылар. Денсаулық сақтау саласында – дәрігерлер, орта және кіші медициналық қызметкерлер, мейірбикелер, зертханашылар, санитарлар,  жүргізушілер және басқа да жұмысшылар. Әлеуметтік сала, мәдениет және спортта, ауыл шаруашылығы мен өзге де салаларда – азаматтық қызметкерлер, әкімшілік және техникалық қызметкерлер, жұмысшылар, сондай-ақ, облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі орта және кіші буынның мемлекеттік қызметкерлері.

 

Шығын көлемін өзгерту бойынша сәйкес ұсыныс Елбасының келісуіне жіберілді. Одан кейін Парламентке бағытталмақ. Қазір Парламентте 2019 жылға  нақтыланған бюджетті қарастырылуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу