KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 5 м/с, В
514.94 583.74 6.13

Қазақстанда мұғалімдердің еңбекақысы 25%-ға өседі

8.01.2020, 11:55 264

Елімізде 2020 жылдан бастап барлық мұғалімдердің еңбекақысы 25%-ға өсетін болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты. Енді мұғалімдер сыныпқа жетекшілік еткені үшін және дәптер тексергені үшін де қосымша ақы алатын болды.

- Төрт жылдың ішінде еңбекақы екі есе өседі. Барлық үстемелерді қосқанда, 2024 жылға қарай мұғалімнің жалақасы орташа алғанда 268%-ға өспек. Мысалы, егер оның еңбекақысы 200 мың теңге болса, педагог-шебер ретінде 50% қосымша ақы алады, яғни еңбекақысы 300 мың теңге болмақ. Осы жылы еңбекақы орташа есеппен 30-40 мың теңгеге көбейеді, - дейді вице-министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу