Денсаулық сақтау министрі ШҚО-ға келеді
9 қараша күні Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін жариялау жөніндегі есебімен ШҚО-ға ҚР Денсаулық министрі Ажар Ғиният келеді.
Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Министр 9 қараша күні 14.30-да Абай даңғылы, 18 мекенжайы бойынша ШҚ облыстық мамандандырылған орталығының конференц-залында облыс тұрғындарымен және азаматтық секторымен есеп беру кездесуі өтеді.
Ал, 15.30-да аталған мекенжайда БАҚ үшін арнайын министрдің қатысуымен брифинг өтеді.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі Глубокое кентінде аудандық мәдениет үйі, Пирогов көшесі, 24 мекенжайы бойынша сағат 17.20-да азаматтарды жеке қабылдамақ. Қабылдауға жазылу үшін 8 705 401 36 10 нөміріне WhatsApp-қа жазуларыңызға болады.