KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Ұлан ауданында ет өңдеу зауытының құрылысы басталды

шартты сурет

22.12.2022, 17:43 293 Оразай Жеңісұлы

Ұлан ауданында селекциялық-генетикалық алаңы және тауарлы фермасы бар әрі қоспажем дайындаумен айналысатын ет өңдеу зауытының құрылысы басталды.

Жоспар бойынша 2025 жылы толық жұмыс қуатына шығатын бұл кәсіпорын 150-200 миллион доллар көлемдегі өнімдерін Қытайға және оңтүстік-шығыс Азия елдеріне экспорттауды көздеп отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешені саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар өндіріс қуатын еселеуге ден қойып отыр. Атап айтсақ, осы жылы «Восток-Молоко» кәсіпорны ірімшік шығару цехын кеңейтіп, «Өскемен құс фабрикасы» бройлер өндірісінің көлемін ұлғайтты.

Оған қоса жақын арада жылына 120 млн жұмыртқа өндіретін жаңа құс фабрикасы іске қосылады.

Өңірде аквафермалар санының көбеюі және олардың өнімдеріне деген сұраныстың өткен жылмен салыстырғанда үш есеге артуы балық өндірісін 480 тоннадан 1297 тоннаға дейін ұлғайтты. Бұдан бөлек облыста 2030 жылға дейін балық өндірісін 20 есе арттырып, ауланатын балық көлемін жылына 10 мың тоннаға жеткізу міндеті қойылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив