KZ
Өскемен
-26°
плотный туман Штиль
515.89 536.32 5.17

Барлық ауылдарға медициналық мекемелер салынады - ШҚО

22.12.2022, 20:00 521 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да әлеуметтік саланы жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Медицина саласы тұрақты түрде назар аударуды қажет етеді.

Ел президентінің Жолдауда қойған міндеттерін іске асыру шеңберінде өңірде бірқатар ірі жобалар қолға алынды. Соңғы 5 жылда денсаулық сақтау жүйесін реформалау жұмысының қорытындысы жоғары технологиялық медициналық көмектің 5 есеге ұлғаюы болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Алдағы екі жыл ішінде медициналық мекемелері жоқ ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толық жарақтандырылатын болады.

Ана мен баланы қорғау, онкологиялық аурулармен және қан айналымы жүйесінің ауруларымен күресу сияқты бағыттар бойынша медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту басым бағыттардың бірі болып қала бермек.

Облысқа 267 бірлік медициналық жабдықты сатып алу үшін 2,5 млрд теңге қарастырылған, 1 млрд теңгеге 11 нысанды күрделі жөндеу жоспарланған. Ағымдағы жылы бұл салаға барлығы 38 млрд. теңге бюджет қаражаты көзделген.

Сонымен қатар, өңірде әлемнің жетекші клиникаларында медицина кадрларын оқыту бағдарламасын іске асыру жалғасуда.  Жыл басынан бері Израиль мен Германия мемлекеттерінде онкогематология, гематология, кардиология, акушерлік және гинекология бойынша 13 дәрігер біліктілігін арттырды. Жыл соңына дейін тағы 23 гематолог және анестезиолог маман Ресей мен Латвияда оқиды. Жалпы 6 жыл ішінде шетелде барлығы 377 маман оқып келді.

Облыстағы ең ірі перспективалы жобалардың бірі - Өскемен қаласындағы гематология орталығы. Нысан молекулалық-биологиялық, генетикалық зертханамен және бағаналы жасушаларды өсіру зертханасымен жабдықталады, бұл диагностикадан оңалтуға дейінгі медициналық қызметтердің толық спектрін жүргізуге мүмкіндік береді.

Былтыр көпсалалы онкология және хирургия орталығының базасында РАСЅ - "Медициналық ақпаратты сақтау және өңдеу орталығы" орталықтандырылған жүйесі ашылған болатын.  Бұл жүйе мамандардың пациенттің диагностикалық тексеру нәтижелеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ облыстың кез келген нүктесінде отырып, консультация алуға және науқас бойынша ақпарат алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу