KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, З
494.87 520.65 4.91

ШҚО: Басты міндет – медициналық қызметтің сапасын арттыру

19.12.2022, 19:28 407 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да әлеуметтік саладағы қолға алынған негізгі бағыттардың бірі – медицина. Мұндағы басты міндет - медициналық қызметтің сапасын арттыру.

Шығыс Қазақстанда бес жыл ішінде облыстық бюджеттен медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және медициналық мекемелерді жарақтандыруды жақсартуға елеулі сомалар бөлінді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Өңірде туберкулезден, қан айналымы жүйесі ауруларынан және қатерлі ісіктерден болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітім азайып келеді. Медициналық көмектің жоғары технологиялық түрлері енгізілуде, олар пациентке тезірек қалпына келуге және оны жылдам оңалтуға мүмкіндік береді.

Биыл өңірдің медициналық мекемелеріне 9 рентген аппараты, 3 маммографиялық аппарат, аудандық босандыру қызметтері үшін 143 бірлік және емханалар үшін 146 бірлік жабдық берілді. Үш жыл ішінде аудандық ауруханаларға 6 компьютерлік томография және 602 бірлік басқа да медициналық жабдықтармен қамтылады.

Облыстық онкологиялық орталықта жақын арада онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау үшін ПЭТ-КТ пайда болады.

Сонымен қатар, жергілікті медициналық мекемелерге де ерекше назар аударылмақ. Биыл Катонқарағай және Зайсан аудандарындағы екі аудандық аурухананың босандыру бөлімшелері жоғары деңгейге ауыстырылды. Келесі жылы Тарбағатай және Күршім аудандық ауруханаларының бөлімшелері де жақсартылады.

Екі жыл ішінде ауылдарда толық жабдықталған 36 медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункт ашылады.

Онкогематология, кардиология, анестезиология-реаниматология саласындағы 36 маман Израиль, Германия, Ресей және Латвия клиникаларында оқытылды. Келесі жылы тағы 23 дәрігер шетелде оқуға жіберіледі.

2025 жылға қарай Шығыс Қазақстанда гематология орталығы іске қосылады. Бұл салада Стэнфорд университетінің жетекші мамандарымен ынтымақтастық орнату көзделіп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу