Қазақстанда ұшақ билеттері арзандады
Қазақстанда ішкі маршруттар бойынша авиабилеттердің орташа бағасы 12 пайызға арзандады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдейді.
Мемлекет басшысының әуе тасымалы бойынша бағалардытөмендетуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында отандық авиакомпаниялар ішкі маршруттар бойынша ұшақ билетінің бағасын орташа 12%-ға арзандатып отыр.
Қазақстанда алғашқы бюджеттік авиакомпанияның іске қосылуы ішкі нарықта бәсекелестікті арттырып, авиабилеттердің тарифтерін арзандатуға септігін тигізді.
Мысалы, «Fly Arystan» компаниясы жұмыс істей бастаған кезден бері қазақстандық әуежайларда жолаушылардың легі айтарлықтай арта түскен: Нұр-Сұлтан қаласында– 48%, Алматы – 45%, Семей – 1013%, Тараз – 734%, Павлодар – 117%, Карағанды – 90%, Шымкент – 57%, Оралда – 54%.
Ұшақ билеттерінің бағалары Министрліктің тұрақты бақылауына алынып отыр.