KZ
Өскемен
-26°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
510.95 594.49 6.5

2022 жылы елімізде қанша сәби дүниеге келді?

30.12.2022, 09:30 790 Оразай Жеңісұлы

2022 жылдың қаңтар-қазан аралығында Қазақстанда 333 111 бала дүниеге келген, - деп хабарлайды Altaynews.kz Ұлттық статистика бюросының сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ең көп туу көрсеткіші тіркелген айлар қыркүйек пен тамыз. Қыркүйекте - 35 931, тамызда - 35 922 бала дүниеге келген.

Елімізде алғашқы баласын дүниеге әкелетіндердің орташа жасы - 20-21. Ал екінші баласын дүниеге әкелетіндердің орташа жасы 40-қа дейін ұлғайған.

"Өңірлер арасында жоғарғы туу көрсеткіші, яғни жалпы туу коэфиценті Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Маңғыстау облыстарында жоғары. Ең төмен Солтүстік өңірлер. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы, Павлодар облыстарында төмен", - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу