ШҚО-да Ұлттық ұлан қатары жас сарбаздармен толықты

ШҚО-да Ұлттық ұлан сапы 200-ге жуық жас сарбазбен толықты.
Өскемендегі 5518 әскери бөлімінде Жетісу, Павлодар, Ақмола, Ақтөбе облыстарымен қатар Алматы қаласынан шақырылған жас сарбаздар туысқандары мен жақындарының алдында салтанатты түрде әскери ант қабылдады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2022 жылғы жас шақырылымның жеке құрамы бір ай көлемінде жауынгерлік қызметтің негізін зерттеп, арнайы дайындықтан өтті. Жақын арада жас сарбаздар жауынгерлік қызметке кірісіп, Өскемен қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті күзететін болады.
Оқи отырыңыз