KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Қаңтар оқиғасында қаза болған сарбаздарға құрмет көрсетілді - ШҚО

5.01.2023, 15:00 461 Мадина Амангелдіқызы

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімдерде «Мәңгілік сапта» біркүндік еске алу шарасы өтті.

Ұландықтар қаңтар оқиғасы кезінде  қаза тапқан әскерилер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін құрмет көрсетіп, бір минут үнсіздік жариялады, деп хабарлайды Altaynews.kz «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыдан бір жыл бұрын Ұлттық ұланның қос сарбазы марқұм қатардағы Мадияр Қайсаров пен Айбат Аманов  жаппай тәртіпсіздік кезінде өздерінің жауынгерлік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан болатын

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының жеке құрамы алдында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, халық қаҺарманы полковник Қайрат Үмбетов сөз сөйледі.

- "Дәл осы күні халқымыздың басына түскен қиын-қыстау кезеңде Ұлттық ұландықтар өздерінің табандылығы мен қайсарлықтарының арқасында  тайсалмас беріктігін көрсете білді.Біз әр әскери адам  өзінің жауцнгерлік міндетін орындауға қашанда дайын болуы керектігін есте сақтауымыз қажет! Ол үшін әрқайсыңыз табанды да батыл әрі табанды, халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында өзін құрбан етуге әзір болуы тиіс!" - деді.

Естеріңізге сала кетейік,  жауынгерлік міндетерін орындау барысында көрсеткен қайсарлықтары үшін  қаңтар оқиғасында қаза тапқан қарағандылық қос сарбаз Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров Президент Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу