Тәрбиешілер мен мұғалімдердің жалақысы 25% өсті
1 қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілері, мектеп және колледж мұғалімдерінің жалақысы 25% өсті.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылғы қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25% көтеріліп келеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Ел Президентінің қолдауы арқасында мұғалімдердің жалақысы жыл сайын өсіп келеді. Сонымен қатар олардың жалақысына қосымша төлемдер белгіленді. Бұл - біліктілік санаты, магистр дәрежесі, пәндерді ағылшын тілінде жүргізу, дәптер тексеру, сынып жетекшілігі, жаңартылған мазмұндағы жұмыс және тәлімгерлік үшін қосымша төлемдер. Мұғалімдердің жалақысын көтеру өз нәтижесін беріп жатыр. Педагог мамандығына университеттің үздік түлектері мен «Алтын белгі» иегерлері келе бастады. Бұл болашақта балалардың оқуына оң әсерін тигізеді, - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Оқи отырыңыз