Мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі
Мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ұстаздар еңбекақысының тым төмен екенін атап өткен Қасым-Жомарт Тоқаев, педагогтар жалақысын өсіруді тапсырды. Мемлекет басшысы бұл туралы Тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде айтты.
– Мұғалімдердің жалақысы төмен, экономика бойынша орташа жалақының 65% - ын ғана құрайды. Үкіметке мұғалімдердің жалақысын төрт жыл ішінде екі есеге арттыруды тапсырамын, – деді Қ.Тоқаев.
Оқи отырыңыз