KZ
Өскемен
туман жел 2 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

ШҚО: Қандастар мен қоныс аударушыларға бөлінетін квота мөлшері артты

13.01.2023, 10:33 485 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да қандастар мен қоныс аударушылар үшін аймақтық квота мөлшері артқан.  

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, биыл 8652 өңірлік квота бөлінген. Ол өткен жылмен салыстырғанда 566 адамға көп, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Атап айтсақ, қандастар үшін: ШҚО бойынша – 239, СҚО бойынша – 138, Қостанай облысында – 150, Абай облысына – 196, Ақмола облысы үшін – 270, Павлодар облысы үшін – 932 адамды құрайы, - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ал, биыл қоныс аударушылар үшін: ШҚО бойынша - 305, Қарағанды облысында - 33, Ұлытау облысы үшін - 120, Абай облысна -  238, Қостанай облысы үшін - 530, СҚО бойынша - 2660 және Павлодар облысында -  2841 адамды құрайды.

Айта кетейік, барлығы 19 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандастар мәртебесін алған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу