Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 14-16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Қазгидромет мәліметінше, ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз ықпалын тигізіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тек республиканың солтүстік және шығыс бөліктерінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар, боран секілді ауа райының тұрақсыз сипаты болжанады.
"Елдің батысында ауа температурасы түнде 9-19 градус аяз, солтүстік-батыста 13-28 градус аяз, солтүстікте 10-23 градус аяз, орталықта 17-28 градус аяз, шығыста 18-32 градус аяз, оңтүстікте түнде ауа температурасы 15-25 градустан 13-21 градус аязға дейін, оңтүстік-шығыста 20-38 градустан 15-26 градусқа дейін аяз", - делінген хабарламада.