KZ
Өскемен
-4°
ясно жел 2 м/с, В
482.86 533.17 5.08

Зайсанда 7 адам қар құрсауында қалып қойды

22.01.2023, 14:03 265 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да құтқарушылар қар құрсауында қалып қойған жолаушыларға көмекке келді.

Кеше облыс аумағында қарлы боран соғып, бірқатар жолдар жабылған болатын. Боранның салдарынан Зайсан ауданында екі көлік қар құрсауында қалып қойыпты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, 22 қаңтарда сағат 05:40 кезінде Зайсан ауданына қарасты Қаратал ауылынан 25 шақырым жерде 7 адам жолда қалған. Құтқарушылар жол талғамайтын техникамен көмекке келіп, 4 адамды Дайыр ауылына, 3 адамды Зайсан қаласына аман-есен жеткізіп тастады. Жолаушылар медициналық көмекті қажет етпеген.

Төтенше жағдай қызметі азаматтарға қауіпсіздік шараларын еске салады. Автокөлік ауа-райына сәйкес жабдықталуы керек. Жолға шыққанда тамақ, ыстық сусындар мен жылы киімдерді, зарядталған ұялы телефонды алып жүруді ұмытпаңыздар. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив