KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, С
510.18 601.91 6.51

Өскемендегі «автоХҚКО»-ның жұмыс кестесі өзгерді

шартты сурет

25.01.2023, 10:38 367 Оразай Жеңісұлы

Шетелдік есептегі көліктерді заңдастыруға байланысты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі өзгерді.

Мамандар енді дүйсенбі-сенбі аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Тек құжаттар 18:00-ге дейін ғана қабылданады.  Ал автомобильдерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер бұрынғы режимде көрсетіледі (дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбіде 9:00-ден 13:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру – 15:00-ге дейін).

Жұмыс кестесіндегі өзгерістер алтыншы ақпанға дейін сақталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу