Зайсандық тұрғын үйін балаларды оңалту орталығына айналдырмақ

Зайсан ауданы, Дайыр ауылын тұрғыны өзінің екі қабатты үйін балалар оңалту орталығын ашу үшін аудан әкімдігінің балансына бермек.
Мейірбану Андарбаева өзінің әлеуметтік ұсынысымен облыс әкіміне жүгінген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Дайыр ауылындың округінде қазіргі күні церебральды сал ауруы диагнозы қойылған 36 бала және әр түрлі диагнозды балалар бар көрінеді.
- Мұндай ұсыныстар, әрине, қолдауға тұрарлық. Мен аудан әкімдігіне осы ғимаратты көріп, оның балаларды оңалту орталығына жарамды екендігін талдауды тапсырдым. Содан кейін барлық қажетті заңды құжаттарды рәсімдеп, жөндеуді бастауға болады. Білім басқармасының, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары да бұл іске жұмылдырылады. Мұндай орталық балаларға қажетті медициналық және басқа да қызметтерді алуға зор мүмкіндік береді, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Оқи отырыңыз