ШҚО әкімі РФ-ның Өскемендегі бас консулымен кездесті
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Ресей Федерациясының Өскемендегі бас консулы Алан Хетагуровпен кездесті.
Кездесуде шекара маңындағы ынтымақтастық, бірлескен кәсіпорындардың жұмысы, спорт пен туризмді дамыту жөнінде айтылды,
«Қытайдың Тачин қаласынан Аягөзге дейінгі ұзындығы 283 шақырым жол салу жобасы басымдыққа ие. Өйткені бұл біздің елдеріміздің Қытай Халық Ресрубликасына шығатын қысқа жолды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар экономикалық және өзара ынтымақтастық қатынастарға жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бас консул өз тарапынан Өскемен мен өңірдің үйлесімді дамып келе жатқанын, тұрғындардың мейірімді және тату екенін атап өтті», - деп жазды облыс әкімі.
Аймақ басшысы, осы орайда, жаңартылатын энергия көздері жобаларының инженерлік-техникалық әлеуеті зор екенін атап өтті.
«Ресейдің көптеген қалаларында қазақ диаспоралары бар, оларға мемлекет тарапынан қажетті қолдау ары қарай да көрсетіле бермек», - деді облыс басшысы.