KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 7 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

ШҚО әкімі Риддер ЖЭО-ның жаңа инвесторларымен кездесті

16.02.2023, 14:18 337 Ләззат Қанатқызы

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддер қаласы әкіміне жылу электр орталығы тоқтаусыз істеп тұруына байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін алып тастауға тапсырма берді.

Бүгін аймақ басшысы Риддер жылу электр орталығының жаңа инвесторларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Он күн ішінде жылу орталығының жаңа иелері жөндеу жұмыстарының толық кестесін ұсынумен қатар қажетті жабдықтар мен компоненттердің, мамандардың тізімі мен санын көрсетуі қажет. Төртінші және бесінші қазандықтарға, көмір берудің резервтік трактісіне, өрттен зардап шеккен Орталық ғимаратының өзіне ерекше назар аударуы шарт. Барлық жабдықтар мен желілер күрделі жөндеуді қажет етеді, сондықтан кесте осы мәселелердің бүкіл блогын қамтығаны дұрыс. Станция қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайларына баса назар аудару маңызды, ол үшін аспирация және желдету жүйелерін жөндеу керек. Жөндеу жұмыстарынан басқа Қаражыра көмір кеніші алдындағы дебиторлық берешекті өтеу кестесін жасауды да естен шығармаған жөн, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ аймақ басшысы қиын жағдайда дүрбелеңге салынбай, жоғары түсіністік танытқан  Риддер қаласының барлық тұрғындарына үлкен алғыс білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив