KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, З
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да 866 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген

16.02.2023, 18:18 281 Ләззат Қанатқызы

ШҚО тұрғындары электрондық қызметтерді жиі пайдалана бастаған.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Филиал директорының айтуынша, бүгінгі күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы тізілімде қолжетімді 694 Мемлекеттік қызметтің 665-і көрсетілген. Оның 637-сі электрондық форматта қолжетімді.

Өткен жылы ХҚО арқылы ШҚО-да 866 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, 2021 жылдың осы кезеңінде 1 млн.астам қызмет көрсетілген. Яғни, бұл облыс тұрғындарының электрондық қызметтерді жиі пайдалана бастағанын  көрсетеді.

Сондай-ақ, мемлекеттік корпорация ШҚО бойынша филиалының басшысы мемлекеттік қызметтерді онлайн-режимде алудың маңыздылығын атап өтті.

- 2022 жылы Қазақстанда "«Мобильдік ХҚО» қосымшасы пайда болды. Ол арқылы азаматтар кеңес пен кейбір мемлекеттік қызметтерді алып қана қоймай, ЭЦҚ шығару қызметіне тапсырыс бере алады. Бір жыл ішінде қосымшаны 68 мыңнан астам қолданушы жүктеп алды, - дейді Азамат Есембулов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу