KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность Штиль
523.86 544.34 5.11

Облыс әкімдерін 5 жылға бір ғана мерзімге тағайындау тәртібі енгізіле ме?

16.02.2023, 22:32 298 Ләззат Қанатқызы

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжілістің таратылған 7-шақырылым депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерін 5 жылға бір мерзімге ғана тағайындау туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

- Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабына сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін Президент мәслихаттар депутаттарының келісімімен лауазымға тағайындайды. Президент өз шешімімен әкімдерді лауазымынан босатуға құқылы. Мұндай норма «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңда және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңда бекітілген. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, әкімдерді лауазымға тағайындау және босату Мемлекет басшысының құзіреті саналады, - деді Премьер-Министр жауабында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу