KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 3,1 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

ШҚО-да жол-көлік оқиғалары 27,5% азайған

21.02.2023, 14:40 236 Ләззат Қанатқызы

ШҚО полицейлері өткен  2022 жылды қорытындылап, алдағы кезеңнің басым бағыттарын белгіледі.

Қорытынды кеңеске ШҚО ПД бастығы Серік Жүнісбеков пен Департамент бастығының орынбасарлары қатысып, өткен кезеңде атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Департамент бастығы Серік Жүнісбеков өңірдегі жедел жағдай тұрақты екенін, оның күрделену қаупі байқалмайтынын, сонымен қатар, барлық бағыттар бойынша қылмыстың 20,5% - ға төмендегені байқалатынын, қабылданып жатқан профилактикалық шаралар 2022 жылы қылмыстың 26 түрінің төмендеуіне ықпал еткенін атап өтті.

- 2022 жылы есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың нәтижесінде Шығыс Қазақстан құқық қорғау органдары 142 есірткі қылмысын анықтап, заңсыз айналымнан 105 кг есірткі затын тәркілеген. Өткен жылы ШҚО-да жол-көлік оқиғаларының төмендеуі байқалды, олардың жалпы саны 2021 жылмен салыстырғанда 27,5% - ға азайған,- дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.


Кеңес соңында жеке құрамға Ішкі істер министрлігі Алқасының негізгі талаптары, жұмыс кешені бойынша белгіленген басым бағыттар жеткізілді, сондай-ақ ШҚО ПД бастығы жедел қызметтік жұмыс көрсеткіштерін жақсарту және Шығыс Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша нақты міндеттер қойды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив