KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2,7 м/с, В
488.26 530.54 5.03

Қазақстанда есірткі жарнамалайтын 1990 сайт бұғатталды

6.01.2023, 21:15 599 Мадина Амангелдіқызы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады.
Мемлекет басшысына ведомствоның өткен жылы атқарған жұмысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Altaynews.kz Ақордаға сілтеме жасап. 
Мемлекет басшысына құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды. Бұл шаралар елімізде кісі өлтіру қылмыстарының санын айтарлықтай азайтуға ықпал етті. Сондай-ақ ұрлыққа және мал ұрлығына қатысты қылмыстарды ашу жұмыстары күшейтілді.
Марат Ахметжановтың айтуынша, ұйымдасқан қылмыстың шығу себептері мен қаржыландыру көздерін жоюға басымдық бере отырып, оларға қарсы күрес тәсілдерін өзгерту нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың (ҰҚТ) 24 басшысы мен 114 мүшесі тұтқындалды.
Сондай-ақ киберқылмыспен күресу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы да айтылды. Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру барысында ұялы байланыс компаниялары "ауыспалы" нөмірлерден шалынған 5,5 миллион қоңырауды бұғаттаған. Министрлік алты ұйымдасқан қылмыстық топты жойып, алаяқтық белгілері бар 165 сайттың жұмысын тоқтатты.
Одан бөлек, ішкі істер министрлігі басқа құқық қорғау және арнаулы органдармен бірлесіп, 2781 есірткі қылмысын анықтаған. Заңсыз айналымнан 15 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 70 есірткі зертханасы жойылды және есірткі жарнамалайтын 1990 сайт бұғатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив