KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 5 м/с, С
513.68 583.03 6.24

Елімізде 2026 жылға дейін 400-ге жуық мектеп салу жоспарлануда

17.02.2023, 10:07 399 Ләззат Қанатқызы

Қазақстанда балалар бүкіл 19 миллион халықтың төрттен бір бөлігіне жуығын құрайды. Өткен жылдың өзінде 400 мыңнан астам сәби дүниеге келді. Мұндай демографиялық серпін әлеуметтік мәселелер туындатпас үшін балалар инфра­құрылымын дамыту, балалардың өсуі мен дамуына қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі, ойлы және қарқынды жұмыс қажет.

Өткен жылы 540-тан астам білім беру және қосымша білім беру нысандары, оның ішінде 150 мыңнан астам оқушыға арналған 250-ден астам жаңа мектеп ашылды. Бір айта кетерлігі, дәл Балалар жылында «Жайлы мектеп» жобасы бекітіліп, оның аясында 2026 жылға дейін 842 мың оқушыға арналған 400-ге жуық мектеп салу жоспарлануда. 2022 жылы 4,5 млн-нан астам бала (93%) түрлі шығармашылық, зияткерлік, спорттық іс-шаралармен, сауықтырумен және әлеуметтік шаралармен қамтылды.

Өткен жылы 1 100-ден астам жаңа спорт, денсаулық сақтау және мәдениет нысандары ашылды. Олардың арасында жақын қашықтықтағы өте сұранысқа ие спорт инфрақұрылымы – спорт сарайлары ғана емес,  ауладағы спорт алаңдары, тұрғын үйлердегі шағын спорт залдары бар.

Тегін ыстық тамақпен қамтылған жасы кіші мектеп оқушыларының саны 10 пайызға ұлғайтылды. Мектеп асханалары мен жуынатын бөлмелердің сапасына қатысты өзекті мәселе де шешілуде.

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Ұлттық қор – балаларға» бағ­дарламасын іске асыру тетіктері әзірленуде. Оның аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50 пайызы кәмелетке толмағандардың әлеуметтік жинақ шоттарына аударылатын болады.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау жүйесі әзірленуде. Мүге­дектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері жөніндегі заңнама жаңартылды. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар саны артты (қазір олардың саны 89).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу